АТЫРАУ. Bairaq.kz – Атырауда 36 жастағы ер адам Жайыққа ағып кетті, деп хабарлайды
ҚазАқпарат. «Қайғылы оқиға Атырау қаласының маңындағы Еркінқала кентінде «Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында болған. 1983 жылғы ер адам Жайық өзенінде шомылуға арналмаған орында суға түсіп, ағып кетті. Суға ағып кеткен адамның денесі табылды», - деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен. Іздеу жұмыстарына Атырау облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 жүзу құрылғысы тартылды.