Алматыдан 73 шақырым жерде магнитудасы 4,1 балды құрайтын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты сейсмикалық станциясы растады.
Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі 2020 жылдың 20-ақпанында сағат 21:51 шамасында орын алған.
Жер асты толқуының эпицентрі Алматының оңтүстік-батысында 73 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.