ҚОСТАНАЙ. Қостанай қаласында жедел-жәрдем көлігі аударылып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды
ҚазАқпарат. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаеваның сөзінше, жол-көлік оқиғасы бүгін Баймағамбетов-Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған. «Жедел-жәрдем қызметі инфарктке шалдығу қаупі бар пациентті ауруханаға алып бара жатқан. Көлік жүргізушісі дабыл белгілерін қосқан. Алайда, жол қилысына шыққан той кортежінің Hummer көлігі жедел-жәрдем қызметіне соқтығысты. Оқиға салдарынан төрт адам зақым алды», -деді К.Жылқыбаева. Инфарктке шалдығу қаупі бар науқас бас жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Жәбірленушінің жұбайы, көлік жүргізушісі мен фельдшер жарақаттану бөлімінің көмегіне жүгінген.