Түркістан облысына қарасты ауыл әкімі Әлібек Сейдалиев жұмыс уақытында, жұмыс орынында карта ойнап отырған жерінен видеоға түсіп қалған.
Құмар ойынның құрығындағы шенді азамат тәртіп кеңесінде видеодағы жайдың болғанын растады. Сондай-ақ, кеңеске қатысқандар шенеунікті лауазымына лайық емес деп таныды. Сейдалиевтің орынтақтан кетері не қалары Шардара аудандық әкімдігінде шешілмек.
«Бұл бір рет қана болған. Мойындаймын. Қатты өкініп тұрмын. Келесіде мұндай жағдай қайталанбайды», - деді ол.