Бүгін Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында мемлекеттік рəміздердің реттілігі мен қалыбын сақтау, орналастыру тəртібін түсіндіру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен семинар болып өтті.
Семинарға мемлекеттік мекемелер мен білім саласы қызметкерлері қатысты.
Жиынды ашқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Прмағанбетов мемлекеттік рəміздерді құрметтеу, заңда белгіленген тəртіппен орналастырып, мемлекеттің материалдық-рухани құндылығын асқақтату əр қызметкердің жадында жүруі тиістігін ескертіп өтті.
Бұдан соң аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нурғиса Көшеров "Мемлекеттік рәміздерді қолдану, орналастыру, насихаттаудағы заңнама талаптары" тақырыбында ҚР заңнамасына сәйкес нормативтік құжаттардың рәсімделуі мен олардың дұрыс толтырылуына, мемлекеттік рəміздерге деген құрметтің мәні оның адам өмірімен біте қайнаған құндылықтар жүйесінің жиынтығынан тұратындығына тоқталды. Аудандық білім бөлімінің тəрбие орынбасарлары жөніндегі əдіскері Ə. Əбенов "Мемлекеттік рəміздерді қолдануға жасалған мониторинг нәтижелері"-баяндамасында ауылдық округтер мен мекемелерді тексеру қортындысына, орын алған кемшіліктеріне тоқталды жəне айтылған сыннан қортынды шығару керектігіне тоқталып, слайд арқылы дəлелдемелерімен атап көрсетті.
Жиын көптеген сауалдарды тудырып, тиісінше жауап берілді.