Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына барып, педагогтармен және оқушылармен әңгімелесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
– Ғылым, білім деген өте маңызды. «Білімді мыңды жығады» деген даналық сөз бар. Білім – қазіргі аумалы-төкпелі заманда ең күшті, ең тиімді құрал. Білімді болсаң, барлық қиындықтарды еңсересің. Міндетті түрде. Сондықтан біздің мемлекетіміздің үлгілі, лайықты, абыройлы азаматтары болыңдар. Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл мектептерін жаңғырту жұмыстары туралы мәлімет берілді. Биыл өңірде 166 мектеп жөндеуден өткен және 2025 жылға дейін 299 мектеп жаңғыртылады деп жоспарланған.