Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылдың 17 қыркүйегіндегі қаулысымен медициналық мекемелерде фото/видео түсірілім жасауға шектеу қойылатын бөлімнің күшін жойды.
«Соның ішінде, науқастар мен медицина қызметкерлерін денсаулық сақтау мекемесінің, жедел жәрдем көлігінің ішіндегі жағдайды, карантинге жабылған аймақтарды, үй жағдайында медициналық жәрдем көрсеткен қызметкерлерді, эпидемиологиялық қауіпті аймақтарды келісімсіз фото/аудио/видео түсіруге шектеу қойылатын тармақтың күші жойылды».