Алматы қаласында «дельта-штамм» анықталды. Бұл ақпаратты Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин растады.
«Кеше кешқұрым «дельта-штаммның» бар екенін анықтадық. Бүгін біз бұл ақпаратты, яғни, «дальта-штамм» тәріздес мутацияның бар екенін анықтап отырмыз», - деді ол.
Біршама уақыт бұрын Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «үндістандық» штаммның анықталғаны туралы ақпарат берген. Дегенмен, мутацияның бұл түрін анықтау үшін толық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.