Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге дейін 10 миллион қазақстандықты вакцинациялау жоспары орындалмаған жағдайда қызметінен кету туралы сұраққа жауап берді.
«Мен тағы бір рет жауап бергім келеді, бұл біздің елдің әрбір азаматына,олардың санасына байланысты. Вакцинация – ерікті түрде жұргізіледі, біз біреуді мәжбүрлей алмаймыз», - деді Цой ОКҚ брифингінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
«Үкіметтің кез келген мүшесі туралы сұрақ Мемлекет басшысына байланысты. Сондықтан біздің жұмысымыз қалай бағаланатын болады, солай шешім қабылданады», - деп қосты ол.