Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы 1 мамырдағы есеп бойынша Қазақстан халқының санын хабарлады.
Елдің жалпы саны 18 миллион 962 мың 892 адамға жетті. Жыл басында Қазақстанда 18 миллион 879 мың 552 тұрғын болған. Халықтың өсуі 83340 адамды құрады.
Халық саны жөнінен аймақтар бойынша бірінші орынды Алматы облысы алады. Мұнда 2 миллион 86 мың 387 адам тұрады. Түркістан облысының тұрғындарының саны 2 миллион 52 мың 484 адамды құрайды. Алматы қаласында 1 мамырдағы есеп бойынша 1 миллион 993 мың 67 адам бар. Төртінші орында 1 миллион 376 мың 101 тұрғыны бар Қарағанды облысы тұр.