Мемлекет басшысының ойынша, мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жоспарының барлық аспектілерін қайтадан сараптау керек.
Тоқаев бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында сөз қозғаған. Ол тілге реформа жасаудың қажеттілігін түсіндіріп берді.
«Жаңа қаріпті ішкерілендірудің барлық аспектілерін қайта қарау керек. Ұсынылған үш нұсқа да толыққанды жарамды емес. Бұл мәселеге ғылыми көзқараспен қараған жөн. Барлығы кириллицадан латынға көше салумен бітпейді. Қазақ тіліне реформа жасап, оны модернизациялау керек», - деді ол.