Бүгінге дейін ел бойынша 312 мың 197 адам індетке қарсы вакцинаның екі дозасын салдырды.
Телеарна мәліметінше, бірінші компонентті 1 миллион 378 мың 495 адам қабылдаған. Қос екпе алған азаматтардың саны бойынша Алматы қаласы алда тұр. Шамамен 70 мыңдай алматылық вакцинаны толық салдырған. Ал, бас шаһарда екі доза қабылдағандар саны 27 мыңнан асты. Көш соңында Маңғыстау облысы. Аталған өңірде екпе алғандар саны небәрі 6 мыңнан сәл асты.