Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Қалдаяқов көшесінің бойында LRT-нің «бұзылып» жатқанын видеоға түсіріп алған. Әлеуметтік желілерде тараған бұл видеоға CTS компаниясы түсініктеме берді. Бейнежазба Instagram-дағы astana_sergek парақшасында жарияланған.
«Міне, LRT-ні бұзып жатыр. Жалғастырып салмайтын сияқты. Бұрын осында тұрған, бұзып тастады», - дейді кадр сыртындағы қала тұрғыны.
Компанияның баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова бейнежазбаның LRT-ні бұзу емес, қарапайым жұмыстар кезі түсірілгенін айтты.
«Видеода бағана қазуға арналған құбырлар. Қаржыландыру болса, жұмыс басталады», - деді ол.
Фото astana_sergek