Қолайсыз ауа райына байланысты 8 өңірде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі хабарлайды.
5 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда ертең түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
5 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
5 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Ақтауда шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел тұрып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
5 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
5 сәуірде түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
5 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
5 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Шымкентте найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ертең түнде және таңертең Түркістанда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.
5 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.
Петропавлда ертең күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.