Оралда 10 күннен бері 40 жастағы Райхан Шәріпованы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы оның туысы Ағила Құдайбергенова хабарлады. Ол Райханның Теректі ауданындағы Сарыөмір ауылында тұратындығын және Оралға Наурыз мейрамына байланысты келгенін айтты.
«Қалаға келгенде ол өзінің әпкесімен бірге тұрды, үйлері орталық базар маңында еді. Оның қолында телефоны жоқ. Әлі оралмады. Кетіп бара жатып, шаруалармен шыққанын айтқан. Бұл түскі уақыт еді. Біз біраз күн бойы қайтып оралар деп күттік және үміттендік. Полицияға бірнеше күн бұрын хабарладық», - дейді Ағила Құдайбергенова.
Сонымен бірге, Райхан Шәріпованың бұрын ешқашан үйден ұзақ кетпегені айтылды.
«Ол еш жерде тіркеуде жоқ, ішімдік ішпейді. Күйеуі мен үш баласы үйде күтіп отыр, кішісі екінші сыныпта», - дейді ол.
Райхан Шәріпованы көрген немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білетін адам Ағила Құдайбергенованың
+7 702 798 61 20 телефон нөміріне қоңырау шала алады.
Фото: mgorod.kz