«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты Халықаралық форум Атырауда алғаш рет өткізілуде және екі күнге созылады. Форум аясында бірқатар мәдени және ғылыми іс-шаралар өтеді. «Көрісу», «Жаңа жасыңмен, Ұлы далам» ұлттық дәстүрлерді жалғастыруға арналған ауқымды театрландырылған фестиваль И.Тайманов пен М.Өтемісұлы атындағы орталық қалалық алаңда өтті.
Аталған іс-шараның халқымыздың салт-дәстүрлерін, мәдениетімізді, өмір сүру салттарын одан әрі байыту және жас буынды қалыптастыру үшін маңызы зор. Іс-шарада 700-дей әртіс, 5 елдің өкілдері, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстаннан келген 30 шығармашылық ұйым өнер көрсетті.