Ғалымдар чили бұрышының пайдасын зерттеп тапты. Ағзаға қалай әсер етеді?
Жерорта теңізінің Neuromed институтының итальяндық ғалымдары чили бұрышын үнемі тұтыну жүрек, ми-қан тамырлары ауруларынан сақтайтынын және өлім қаупін азайтатынын анықтады.
Зерттеуге шамамен 23 мың адам қатысты, олардың жағдайы сегіз жыл бойы бақылауда болған.
Аптасына кемінде төрт рет ащы бұрышты жеген адамдар бұл өнімді сирек тұтынатын адамдарға немесе тіпті одан мүлде бас тартқандарға қарағанда инфаркттан 40 пайызға және ми қан тамырлары ауруынан 50 пайызға сақтандырылған.
- Қызықты факт, өлімнің төмендеу қаупі мен тамақтану арасындағы байланыс орнатылмаған. Басқаша айтқанда, чили бұрышы арқылы диета ұстанатындарға да, оны қарапайым жейтін адамдарға да қорғаныш әсер етеді », - дейді эпидемиолог Мария Лаура Боначио.
Ғалымдар бұрыштың ағзаға әсер ету механизмін түсіну үшін қосымша зерттеулер қажет екенін атап өтті.