Қазақстанда жаңа телеарна пайда болды. Наурыз мейрамына орай «Түркістан» телеарнасы жұмысын бастады. Ол «Отау ТВ» спутниктік желісі мен кабельдік желілер арқылы таратылады.
«Халықаралық Түркістан телеарнасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған. Ол түркітілдес мемлекеттердің ақпараттық кеңістігінде үш тілде хабар тарататын арнаға айналады. Телеарна күнделікті өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар, сериалдар мен деректі фильмдер көрсетеді», - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Түркістан» телеарнасы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу және бірыңғай ортақ медиа кеңістігін қалыптастыру үшін «алтын көпір» болуды жоспарлап отырғаны атап өтілді.