Жақын арада Семейдегі Қарағайлы шағын ауданындағы көшеге Назарбаев есімі берілуі мүмкін, деп хабарлады
Arnapress.kz.
Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты Айбек Нұғымаров хабарлады.
"Қарағайлы шағынауданында әзірше атаусыз тұрған көшеге Назарбаевтың есімі берілсе дейміз. Сонымен қатар, сол аудандағы спорт нысанды да Тұңғыш Президенттің құрметіне "Елбасы-Арена" деген атау беру ұсынылды", - деді Нұғымаров.
Облыстық мәслихат депутатының айтуынша, ұсыныс жасағандардың қатарында депутаттық корпус өкілдері мен қаланың қоғам белсенділері бар.
"Бәрі болды - мәдениет, спорт және қалалық белсенділер. Бүгінде шешім қалалық мәслихатта, сосын оны елордаға жібереді, сол жерде шешіледі", - деді Айбек Нұғымаров.