Бүгін еліміздің бірнеше аймағын қалың тұман басып, желдің екпіні күшейеді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 аймаққа дауылды ескерту жарияланды.
Маңғыстау мен Атырау облыстарында қатты жел соғып, жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жетеді. Дәл осындай ауа райы Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында да байқалады.
Синоптиктердің хабарлауынша, Ақмола облысының біраз бөлігінде тұман болады.