Алматыда локдаунға жабылуы мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
Бекшиннің айтуынша, Алматыда инфекция жұқтырушылар саны күн сайын артып келе жатыр. Сондықтан демалыс күндері карантинді қатайту туралы шешім қабылданды.
«Біз шектеу шараларын күшейтуді жалғастыруымыз керек, өйткені ары қарай болмайды. Бүгінгі күні бізде 3 400 төсек-орын бар, оның қамтылу көлемі 40% -дан аспайды. Одан бөлек бізде 7 мың төсек-орын бар, бірақ бұл резервтің де тез түгесілуі мүмкін. Мәселен, егер күніне 5 мың адам ауруханаға түссе, онда 1 инкубациялық кезең ішінде барлық төсек-орын толықтай қамтылады. Сондықтан бұған жол берілмейді. Осы жағынан алғанда, егер күніне 300 адам ауруханаға түссе, әрине, қала локдаунға жабылады. Егер шара қолданбасаңыздар, онда толығымен жабылуға мәжбүр боламыз. Қазір де кеш емес, осы сәтті жіберіп алмауымыз керек», - деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ, қаланың бас санитарлық дәрігері локдаунның қандай болатынын түсіндіріп берді.
«Сауда орталықтарының, тамақтану орындарының, сауда-саттық пен қызметтерге толықтай тыйым салынуы мүмкін. Нысандар жұмысын тоқтатады, өңірлермен байланыс тыйылады», - деді қаланың бас санитарлық дәрігері.
Билік жағдайды тұрақтандыру және «қызыл» аймақтан шығу үшін қосымша шаралар қабылдайтын болады.