Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов латын графикасын енгізу мен 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу туралы айтты.
«Орта білімді дамыту үшін латын графикасын енгізе отырып, 2023 жылдан бастап 12 жылдық оқуға кезең-кезеңмен көшу көзделіп отыр. Ол үшін біз өте ауқымды жұмыс ақтаруымыз керек. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылатын болады», - деді министр.
Фото: ruh.kz