Демалыс күндері Алматыда метро мен қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтайды.
Билік өкілдерінің айтуынша, автобустар мен метро 13 және 14 наурыз күндері жүрмейді. Бұл шешім эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирустың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қабылданды.
«Алдағы демалыс күндері, яғни 13 және 14 наурызда қоғамдық көліктің жұмысы, оның ішінде метро қозғалысы тоқтатылады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жұмыстың дүйсенбі, 15 наурыз, сағат 6.00-де жоспарлы режимде қайта басталатыны айтылды.
Фото: m.2gis.kz