6 наурыз күні таңертең Алматыдан 95 шақырым жерде жер сілкінісі болды.
"2021 ж. 6 наурыз күні Алматы уақытымен таңғы 7: 13-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 95 км жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан," - деп хабарлады сейсмикалық станциялар желісі.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,7, магнитудасы - MPV 4,9, эпицентрінің координаттары - 42,73 ° N. 77.89 ° E.