Биыл елімізде «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың заң жобасы төтенше жағдай кезінде биологиялық қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге мүмкіндік беретінін айтты.
«Төтенше жағдай кезінде биологиялық қорғауды қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру қажеті туындады. Оған заманауи қорғаныс құралдарын енгізу мен олардың терроризмге қарсы тұрақтылығын арттыру да қосылады. Осыған байланысты 2021 жылы "Биологиялық қауіпсіздік туралы" заңды әзірлеуіміз керек», - деп хабарлады ведомство басшысы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.