Түркістан облысында 1 наурыздан бастап жұма намазын оқуға рұқсат беріледі. Бірақ карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс. Мешіттердегі жамағат 30%-дан аспауы тиіс.
Медициналық бетперде тағып, арақашықтық сақтау қатаң талап етіледі. Бұл туралы Түркістан облысының бас имамы мәлімдеді.
«Бұл шешім Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қабылданды. Жұртшылық пен жамағаттарды карантин шегінен шықпай, талапты орындауға шақырамыз. Тұмауратқан немесе дене қызуы көтеріліп сырқаттанған адамдардың қоғамдық орындарға бармауын сұранамыз», - деді облыстың бас имамы.