Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды.
Жаңа ереже сәйкес, балалар кабинеті, түзету орталығы, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарына 15 адамнан аспайтын топ жинауға рұқсат етілді. Санитарлық талаптар сақталуы тиіс.
50 адамға дейін жиналуға болатын мәдениет нысандары мен сахнаға дайындықтарға арналған концерт залдарының, 30 пайыз толымдықпен театрлар, кинотеатр, цирктің және хайуанаттар бағының қызметіне маска тағу режимі мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі.