Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен нәресте өлімін азайту бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Аталған жиынға өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының, республикалық медициналық ұйымдардың және медициналық ЖОО өкілдері қатысты.
Нәресте өлімін азайту халықаралық құжаттарда, сондай-ақ елдік бағдарламаларда басымдық берілген. Ғиният атап өткендей, 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада оң динамика байқалады. Нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға төмендеді және 2019 жылы 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 8,40 болса, биыл 7,79, ал 2020 жылға арналған нәресте өлім-жітімі индикаторының нысаналы мәні Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 10,1 құрайды.
Балалар өлім-жітімінің көрсеткіші өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16,8%-ға төмендеді. Тірі туған 1000 балаға шаққанда, 2019 жылғы 10,7-ге қарағанда 8,9-ды құрады. Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес балалар өлім-жітімі көрсеткішінің нысаналы индикаторы 2020 жылдың қорытындысы бойынша 10,6 болуы тиіс.
Бұл көрсеткіштерге әсер етудің маңызды аспектілерінің бірі - аналардың денсаулығын жақсарту, перинаталдық және неонаталдық көмекті жетілдіру, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделін, баланы емшек сүтімен емізуді қолдау, - деді вице-министр.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру, оның ішінде ерте жастағы скринингтерді қолға алу жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде шаралар қабылдауда.
Сонымен бірге медицина қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсіби білім деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру; балалар мамандарының тапшылығын шешу, оның ішінде «Педиатрия (неонатология), балалар реаниматологиясы, анестезиология» және «балалар пульмонологиясы» мамандықтары бойынша кадрмен қамтуды 100%-ға дейін жеткізу қажет.