Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтан, Алматы және Теміртау қалаларындағы экологиялық жағдайды жақсарту бағдарламасы туралы айтты.
Экологияны жақсарту жөніндегі ұлттық жоба "Жасыл Қазақстан" деп аталады.
"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы жеті негізгі бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экоқұрылым және экологиялық мәдениетті арттыру. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан, Теміртау және басқа қалалардағы экологияны жақсартуға арналған.
"Бұл ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, олардың ішінде Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент бар.
Бұдан басқа, 2025 жылға қарай сарқынды суларды ағызу көлемін азайту, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 18-ден 35 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ елдің ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету жоспарланып отыр", - деді министр Үкімет отырысында.