Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаладағы Ойын-сауық орталықтары мен Сауда орталықтарының жұмыс режиміне байланысты жаңа Қаулысына қол қойылды.
«Ойын-сауық орталықтары мен Сауда орталықтарының жұмыс уақыты 10:00 мен 23:00 аралығы болып бекітілсін. Жексенбі күні аталған орталықтар жұмыс істемейді», - деп жазылған жаңа Қаулыда.
Ашық жерде жұмыс істейтін азық-түлік және басқа да заттар сатылатын базарлар жұмысына ешқандай шектеу қойылмайды, бұрынғы режимде жұмыс жүреді.
Жабық базарлардың жұмысы жексенбі күні тоқтатылады, қалған күндері жалпы сыйымдылықтың 30 пайызын қамту арқылы жұмыс істейді.
Аумағы 1 мың шаршы метрден асатын кез келген сауда орталығы мен жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелер санитарлық талаптарды және маска режимін сақтауды қадағалайтын патрульдік топ құруға міндеттелді.