Қазақстанда коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша сегіз өңір «қызыл» аймақта. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі "қызыл", "сары" және "жасыл" аймақтар туралы жаңартылған ақпарат жариялады.
«Қызыл» аймақта бұрынғысынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта - Қарағанды облысы.
Қалған барлық өңір «жасыл» аймақта.
COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан да «қызыл» аймақта орналасқан.