Қазақстан аймақтарындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау орталықтарының мәліметінше, 2021 жылдың 25-қаңтарында Алматы қаласы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл аймаққа» кірді.
Соңғы деректер бойынша, өткен тәулікте Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 135 науқас анықталған. «Қызыл аймаққа» келесі өңірлер кіреді:
- Нұр-Сұлтан қаласы;
- Алматы қаласы;
- Ақмола облысы;
- Атырау облысы;
- БҚО;
- Қостанай;
- Павлодар;
- СҚО.
«Сары аймақта» тек екі облыс орналасқан:
- Қарағанды облысы;
- Алматы облысы.
Қалған өңірлердің барлығы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «жасыл аймаққа» кіреді.