Рrimeminister.kz хабарлауынша, Премьер-министр Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инвестициялық жобалардың іске асырылуына тексеріп, өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.
Петропавл қаласында Үкімет басшысы Qyzyljar АЭА аумағында электр техникилық өнімін өндіретін жаңа зауыттың құрылыс барысымен танысты. Жоба құны - 10 миллиард теңге. Кәсіпорынның қуаттылығы - 300 жаңа жұмыс орнын құрумен жылына 13 мың трансформатор.
"Солтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіпте және басқа да салаларда үлкен әлеуетке ие. Өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының жоғары болуын қамтамасыз етуге елеулі серпін беру қажет", - деді Асқар Мамин.