9-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды.
«Оңтүстік циклон орталығы Каспий теңізінің үстінде, солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жауын-шашын, желдің күшеюін, солтүстікте боран, оңтүстікте көктайғақ тудырады. Алайда 21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды, соған байланысты жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы түнде 22...30℃ дейін төмендеуі мүмкін», - делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.