Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатысудың маңызын атап өтті.
"Құрметті қазақстандықтар, отандастар. Бізде бүкіл ел бойынша маңызды саяси іс-шара өтіп жатыр, біз жергілікті мәслихаттар мен Мәжіліс депутаттарын сайлаймыз. Бұл жай ғана механикалық іс-шара емес - келіп, дауыс беріп, кетіп қалу емес, бұл әрбір азаматтың билік тармақтарын құруға қатысуының конституциялық міндеттерін саналы түрде орындауы.
Парламент, мәслихаттар еліміз, мемлекетіміз жұмыс істейтін тиісті заңдарды қабылдауға қатысады. Биыл - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Соңғы 30 жылда көп нәрсе жасалды, сіздер оны жақсы білесіздер. Біз бірге, ұйымдаса, мақсатпен жұмыс істегеніміздің арқасында мемлекеттің негізін құрдық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде баспасөзге шыққан кезде.