Теңіз кен орнында коронавирустың пайда болуы туралы ақпарат жалған.
Әлеуметтік желілерде Атырау облысындағы Теңіз кен орнында коронавирустың өршуі туралы ақпарат пайда болды. Вирус тасымалдаушылар қытай азаматтары деп хабарлады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі кезде Теңіз кен орнында Қытай Халық Республикасының азаматтары мен қытайлық компаниялар тіркелген жоқ.
Құрметті қазақстандықтар! Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа емес тек ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз, делінген хабарламада.
Комитет жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салды.