ШҚО-да карантин ұзартылды. Бүгін облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы жарияланды.
"Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылдың 21 желтоқсанында сағат 00.00-ден бастап 2021 жылдың 04 қаңтары сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген қаулыда.
Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекаралары сақталады.