Шымкентте карантин режимі ұзартылды. Бұл туралы Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында айтылды.
"Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 21 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап 2021 жылғы 11 қаңтар сағат 00.00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген құжатта.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына адам көп жиналатын жаппай іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынды. Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелді.