Алматы қаласының Түрксіб ауданында Желтоқсан саябағы ашылды.
Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Желтоқсан оқиғасының қатысушылары, зиялы қауым, қоғам өкілдері, тұрғындар жиналды.
Бұған дейін әкімдікте Желтоқсан ұйымдарының басшыларымен өткен кездесулерде олар осындай саябақты ашу туралы ұсынғаны хабарланған. Қала басшылығының мәліметінше, әртүрлі нұсқа қарастырылып, нәтижесінде қаланың солтүстік бөлігінде ауданы 100 гектардан асатын ең үлкен жаңа саябақ ұсынылған. Рекреациялық аймақ аэропорт көлінің жағалауын қамтиды. Абаттандыру алаңы - шамамен 23 мың шаршы метр.
Саябақтың басты ерекшелігі - ұзындығы 1200 метрлік жаяу жүргіншілерге арналған пирст.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен саябақты одан әрі дамыту Желтоқсан ұйымдарының басшылары мен іргелес аудан тұрғындарының пікірін ескере отырып жоспарланады.
«Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Барлығымыз үшін 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ерекше мәнге ие. Олар Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихына енген және халықтың жадында қалады. Бұл да жаңа "Желтоқсан" саябағының символикасы - жастарға сол оқиғаларды еске түсіреді», - деді қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.