Бұған дейін жеке меншікке берілген Арқалық әуежайы сатылымға шығарылды.
Ғимарат пен оның бес гектар аумағы 30 миллион теңгеге бағаланған. Иесінің хабарлауы бойынша, әуежай фазенда немесе астық қоймасына ыңғайлы.
Бұл нысанның сатылымға қойылуы аудан тұрғындары арасында үлкен резонанс тудырды. Көпшілік қараусыз қалған бұл аумақ әлі де әуе қатынасы үшін жарайды деп санайды.
"Жалпы, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту үшін, Арқалық қаласының басқа өңірлермен байланысын нығайту, авиацияны, оның ішінде шағын авиацияны дамыту өте маңызды", - дейді тұрғындар.
90-жылдардан бастап тұрғындар Арқалықтан көше бастады. Қазір қалада 40 мыңға жуық адам бар. Тұрғындар қала орталығында қоныстанған, ал айналасы бос тұр.