Алматыда жаңа шектеулер енгізіледі. Мұндай шешім вице-премьер Ералы Тоғжанов пен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және қаладағы 70-тен аса ауруха мен емхана бас дәрігерлерінің қатысуымен өткен онлайн кездесуінде қабылданды.
Жиында қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелері мен мегаполисте COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мынадай тапсырмалар берді:
- қызметкерлер саны 15 және одан да көп ұйым қызметкерлерінің 60-80 пайызын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қосымша кезекші топтар, қала мектептерінде кезекші сыныптар ашуды тоқтата тұру;
- жексенбі күндері санитарлық күнге жабыла отырып, СОО, сауда объектілерінің жұмысын сенбі күні сағат 17.00-ге дейін шектеу;
- қоғамдық тамақтану орындарының, оның ішінде сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан нысандардың қызметіне сағат 7.00-ден 23.00-ге дейін, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтай отырып, отыратын орындар саны 50-ден аспаған жағдайда қызметіне рұқсат ету;
- өнеркәсіптік, құрылыс, көлік кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін ұйымдарға қызметтік көлікті ұсыну;
- бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ХҚКО жұмысын ұйымдастыру;
- тестілік режимде жұмыс істеу кезінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып, туризм объектілерінің жұмысын жалғастыру.
"Сонымен қатар, ПТР тестілеу құнының төмендеуіне байланысты қалалықтардың өзін-өзі хабарлауы бойынша жүргізілген зерттеулер саны артты, бұл статистикалық деректерде де көрініс табады (пандемия басталғаннан бері Алматыда 668 мың талдау жүргізілді, оның 294,5 мыңында қалалықтар өзі барған)", - делінген хабарламада.