Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында астананың Нұр-Сұлтаннан Түркістанға ауысуы туралы қауесеттер туралы айтты.
Журналист Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстандықтар арасында ел астанасы Түркістан қаласына көшірілуі мүмкін деген қауесет туралы сұрақ қойды.
«Бұған ешқандай себеп жоқ. Мүмкін, бұл Түркістанда тұратын және қазір қаланың қалай дамып жатқанын көретін адамдардың пікірі шығар. Оның ұзақ тарихы бар. Қожа Ахмет Яссауи бұл жерге келіп, ислам дінін уағыздады. Бұл барлық түркі халықтары үшін ерекше қала. Әсіресе Түркиядан көптеген адамдар осында келгісі келеді, көргісі келеді. Сондықтан, бәлкім, осындай ойлар бар шығар. Бірақ біз бас қаламызды дамыта береміз. Бұрынғы Ақмоланың халқы 200 мыңнан бір миллион 200 мыңға дейін өсті, қала Нұр-Сұлтан деп аталды. Бұған мен бастамашы болған жоқпын және қарсы болған да емеспін, өйткені әрбір тас, әр ғимарат менің қатысуыммен салынған. Сондықтан біз өзіміздің Нұр-Сұлтан қаламызды дамыта береміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.