Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен Қазақ халқының ұлы ғалымы және ағартушы-демократы Шоқан Уалихановтың 185 жылдығына арналған «Шоқан Уалиханов және отандық ғылым» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
Бұл конференцияда теориялық және әдістемелік мәселелер жан-жақты талқыланған баяндамалар тыңдалды.
Атап айтар болсақ, «Шоқан Уалиханов: Қазақстан тарихы мәселелері жөнінде» тақырыбында академик, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Б.Кәрібаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Т.Сәтбай, «Шоқан Уалиханов – Отандық тарихтың Геродоты», аталған кафедраның аға оқытушысы, Д.Омаров, «Қазақ ағартушыларының рухани-адамгершілік туралы ой-тұжырымдары», кафедраның аға оқытушысы, тарих магистрі А.Әзірбекова, «Шоқан Уалиханов еңбектеріндегі этнографиялық зерттеулер», «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұ.Жанбершиева «Шоқан Уалиханов – әдебиет зерттеуші ғалым», сондай-ақ, Қызылорда қаласы Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі, тарих магистрі Ғ.Жәрімбет «Шоқан Уалихановтың Қазақстан өлкетану ісіндегі орны» атты баяндамалар жасады. Академик Б.Кәрібаев тағылымға толы кеште ұлы тұлғаның шығармаларына талдау жасап, өмірдеректеріне қатысты тың деректер келтірді.
Айта кетейік, конференцияға оқытушылар, ғылыми орталық мамандары, магистранттар мен студенттер қатысты.