Sulpak компаниясының өкілдері кесілген ағаштарға қатысты мәлімдеме жасады.
"Тергеу барысында мердігер компанияның қызметкерлері Sulpak-қа тиесілі емес және біздің компаниямызға жалға берілмеген аумақта ағаштарды өз еркімен кесіп тастағаны анықталды. Біз тиіс органдар заңға сәйкес кінәлілерге қатысты тиісті шаралар қабылдайтынына сенімдіміз.
Біз өз отандастарымыз бен клиенттерімізді түсініп отырмыз, сондықтан әкімдікпен бірге жұмыс істеуге және қаламыздың экологиясын жақсартуға дайынбыз.
Компания басшылығы Алматы қаласының аумағында және қала әкімдігімен келісілген мерзімде 500 үлкен ағаш отырғызу туралы шешім қабылдады", - деп мәлімдеді компания өкілдері.