Еліміздің он қаласында ауа мен жер үсті суларының ластануы байқалады, деп хабарлады ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Министр 2019 жылдың соңында атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес 45 елді мекеннің ішінен 10 қала ауаның ластану деңгейіне жататынын айтты.
Бұл - Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары.