Қызылорда облысында бірқатар медициналық мекемеге 44 реанимобиль мен 2 жылжымалы медициналық диагностикалық кешен берілді.
Жедел жәрдем көліктері облыс орталығынан бөлек Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарына үлестірілетін болады. Ал 2 автобус базасындағы жылжымалы емхана Қармақшы мен Жалағаш аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетпек.
Реанимобильдер заманауи құрылғылармен жабдықталған. Шұғыл медициналық көмекке қажет өкпені жасанды желдету, оттегімен қамту аппараттары орнатылған. Бүгінге дейін аймақтың 800 мыңдай тұрғынына 79 жедел жәрдем көлігі қызмет көрсетсе, оның 65%-нің тозығы жеткен.
Сәбит Пазылов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Бүгінгі 40 автокөлікпен толыққаннан кейін автопарктің жаңаруы бізде 90-95%-ті құрайтын болады. Ерекшелігі: кешен қысы-жазы жұмыс жасайды. Екіншіден, ішінде рентген аппараты қойылған. Анализдер тапсыруға болады. Гинекология бөліміне тиісті жағдай жасалған. УДЗаппараты да бар.