Сенатор Ләззат Рысбекова Жайық экожүйесін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Тіпті Жайық экожүйесін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, аймақаралық келісім орнаған, орыс-қазақ комиссиясының отырыстары өткізілген. Бірақ мәселе әлі шешілген жоқ.
Сонымен бірге экологтар өзеннің таяздануы бүкіл аймақ үшін экологиялық апат қауіпін төндіреді деп ескертеді, өйткені Солтүстік Каспийдің экожүйесі мен биологиялық ресурстарының жойылу қаупі бар. Сенатор 2019 жылы Халықаралық геодезиялық ұйым өзенге ластанудың ең соңғы деңгейін белгілегенін еске түсірді.
«Бүгінде Жайықтағы су көлемі ең төменгі деңгейге жетті», - деді ол.
Өзеннің таяздануы, өз кезегінде, бірқатар өте күрделі экологиялық проблемаларға әкеп соғады: балықтар қырылып, жер асты суларының деңгейі төмендейді. Флора мен фауна зардап шегеді, ауылшаруашылық өнімділігі төмендейді, облыстың елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету проблемалары туындайды.
Осыған орай, депутат үкімет басшысынан Жайықтың таяздану себептерін кең көлемде, жан-жақты ғылыми зерттеу мақсатында тұрақты жұмыс жасайтын қазақ-орыс комиссиясын құруды сұрады. Зерттеу нәтижелеріне қол жеткізгеннен кейін, Жайық өзенінің таяздануы мәселесін шешу үшін қандай қосымша шаралар қабылдау қажет екендігі туралы айтуға болады.