Түркістан облысына қарасты Төле би ауданындағы жеті бірдей ауыл көгілдір отынға қосылмақ. Биыл аталған аудан көлемінде газ құбырларын жүргізу жұмыстары іске асырылады.
Қазіргі уақытта Төле би ауданына қарасты 55 елді-мекен табиғи газбен қамтамасыз етілген. Қалғаны жеті ауыл: Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық. Аталған жеті ауыл келесі жылы табиғи газбен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, Достық елді-мекеніндегі Астана, Қарауылтөбе, Қорған көшелеріның тұрғындарына жақын арада көгілдір отын қолжетімді болмақ.
Бүгінде облыстық бюджеттен газ құбырларын жүргізуге және жобаны жүйелі түрде жүзеге асыруға қаражат бөлінген. Аудан тұрғындары келесі жылдың соңына дейін толықтай табиғи газбен қамтамасыз етіледі.