Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 139 науқас анықталды.
Халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш республикалық деңгейден асып, 683,6 құрады.
Аймақтың эпидемиологиялық ахуалының нашарлауының негізгі себептері тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу шараларын сақтамауы, сонымен қатар көрші мемлекеттерден келетін жүк тасымалдарының үздіксіз болуы, - деді Шығыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы Талғат Тұңғышбаевтың міндетін атқарушы.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда облыс басшылығы Өскемен қаласы мен облыс тұрғындарының қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Біз бизнесті енгізілген карантиндік шаралардың зиян тигізуінен барынша қорғауға тырысамыз», - деді ол.
Жаңа жарлық жақын арада жарияланады.