А. Көлгінов "Пригородный" елді-мекенінің әлеуметтік нысандарының құрылысы барысымен танысты
Hұр-Сұлтан. Қала әкімі Алтай Көлгінов "Пригородный" елді-мекенінің әлеуметтік нысандарын аралады деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. №24 мектепте оқу жылы қарсаңында 600 орынмен қамтитын жаңа корпус ашылады. Корпус үш ауысымды білім беру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Ескі ғимараттағы асхана мен спорт залға жартылай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қала әкімі атап өткендей, салынған корпустар жаңа мектептерге тең. Бұдан басқа, жыл соңына дейін "Пригородный"-да көпфункционалды спорттық-сауықтыру кешені жұмыс істей бастайды. Орталықта жаттығу залы жабдықталған, сондай-ақ күрес, бокс және теннис залдары болады. Спорт кешенінде жарыстар өткізуге болады. Кешен 300 орынға арналған. Сондай-ақ кешенде байланыс орталығы қарастырылған, оған пошта бөлімшесі, үлкен кісілерге арналған шағын орталық, отбасылық денсаулық орталығы, полиция пункті және аула клубы кіреді. Ғимарат жеке инвестициялар есебінен салынды ("Қазаэронавигация"РМК). Спорт кешенін инженерлік желілерге қосу және аумақты абаттандыру қажет. Қала әкімі спорт кешені жолдарының және кіреберісінің құрылысын аяқтауды тапсырды. "Пригородный" елді-мекенінде 10 мыңнан астам адам тұрады. Қалада барлығы 280 мың халқы бар 16 елді-мекені (қала халқының 25% ) бар.